Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті он төртінші сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 1мамырында сағат 15:30-да аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті он төртінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі А. Сартов, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  Ш. Қосабаев, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері, аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты. Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Алтынсарин ауданының 2025 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
  2. Алтынсарин ауданының 2025 жылға арналған ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы туралы;
  3. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №171 «Алтынсарин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  4. Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының он бесінші кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның онлайн трансляциясы келесі сілтеме арқылы өтеді: https://www.facebook.com/altynsarmas/videos/1301632594721406

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1221004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді