
Аусыл дегеніміз не?
Бұл — ауыз қуысының шырышты қабығында, желін мен тұяқ арасында көпіршіктердің (афталардың) пайда болуымен және дененің қызуымен сипатталатын жедел вирустық ауру.
- Ауру көзі: Ауру жануарлар мен олардың тіршілік ету өнімдері.
- Жұғу жолдары: Жанасу арқылы, жем-шөп, су, құрал-саймандар, сондай-ақ ауа-тамшы жолдары арқылы.
Фермерлерге арналған негізгі ережелер
Вирустың енуіне жол бермеу үшін жануарларды «жабық» режимде ұстау қажет:
- Тіркеу: Барлық мал басы ветеринариялық қызметте есепте тұруы тиіс.
- Карантин: Жаңадан алынған жануарларды 30 күн бойы бөлек ұстаңыз.
- Гигиена: Қораның кіреберісіне дезинфекциялық кедергілер (дезинфекциялық ерітіндіге малынған төсеніштер) орнатыңыз.
- Жем-шөп: Жем-шөпті тек қауіпсіз аймақтардан сатып алыңыз және термиялық өңдеуден өткенін пайдаланыңыз.
Арнайы алдын алу шаралары
Жануарларды вакцинациялау — қорғанудың ең тиімді жолы! Егу жұмыстары ветеринариялық шаралар жоспарына сәйкес тұрақты түрде жүргізіледі. Егу мерзімдерін өткізіп алмаңыз.
Жеке қауіпсіздік (адамдар үшін)
Адамдарға бұл ауру сирек жұққанымен, шикі өнімдерді тұтыну кезінде қауіп жоғары болады.
- Қайнату: Ешқашан шикі сүт ішпеңіз. Вирус 5 минут қайнатқанда жойылады.
- Термиялық өңдеу: Етті жақсылап пісіру немесе қуыру керек.
- Гигиена: Жануарлармен немесе құрал-саймандармен жанасқаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуыңыз.
- Арнайы киім: Қорада тек қана сол жерге арналған арнайы киіммен және аяқ киіммен жұмыс істеңіз.
Ауру белгілері байқалса не істеу керек?
Егер жануардан сілекейдің көп ағуын, ақсаңдауын немесе жараларды байқасаңыз:
- Күдікті жануарды оқшаулаңыз.
- Өнімдерді (сүт, ет) және көңді сыртқа шығаруды тоқтатыңыз.
- Тез арада ветеринарлық дәрігерді шақырыңыз.
Вирустың төзімділігі
Жағдай Сақталу мерзімі
Мұздатылған етте Бірнеше айға дейін
Жаңа сауылған сүтте (тоңазытқышта) 30 сағатқа дейін
Киім мен аяқ киімде 3-4 аптаға дейін
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1220778?lang=kk

Жауап қалдыру