
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы аясында Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты Кенжалы, Көкбұлақ және Қосарал елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында округ тұрғындары соңғы жылдары аудан және округ көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ризашылықтарын білдірді.
Тұрғындар тарапынан ауыз су, көше жарығы, газ тарту, ішкі жолдарды жөндеу және тегістеу, медициналық пункт жұмысы, ауылішілік инфрақұрылым және мал жайылымы жерлерінің жетіспеушілігі мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін тыңдап, жергілікті деңгейде шешілуі тиіс түйткілдер бойынша тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1221033?lang=kk

Жауап қалдыру