
Елордалық ТЖД-да 40-қа жуық отбасылық жұп қызмет етеді.
Халықаралық отбасы күнінде елордалық ТЖД қатарында бір мамандықты таңдап, ел қауіпсіздігі жолында бірге қызмет атқарып жүрген отбасылар жайлы айтпау мүмкін емес.
Отбасылық жұптардың қатарында 30 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп, қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі жанұялар да, жақында ғана шаңырақ көтерген жас отбасылар да бар. Оларды біріктіретін ортақ құндылық – қызметке адалдық, өзара қолдау мен отбасыға деген құрмет.
Қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып жүрген мұндай жанұялар – өзара сыйластықтың, сенім мен бірліктің жарқын үлгісі. Олар күнделікті қызмет барысында төтенше жағдайлардың алдын алып, адамдардың өмірін құтқаруға атсалысып қана қоймай, шаңырақтағы татулық пен тәрбиенің де маңызын дәріптеп келеді.
Осындай отбасылар ұжымның берекесін арттырып, жас қызметкерлерге үлгі болуда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1221522?lang=kk

Жауап қалдыру