Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14.05.2026 жылы ҚР ДСМ  медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтобе облысы бойынша Департаменті ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының орынбасары, полиция полковнигі А.К. Аскаров қатысумен фармацевтикалық ұйымдардын өкілдеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша семинар – кеңес өткізілді.

ҚР ДСМ МФБК Ақтөбе  облысы бойынша Департамент  басшысының орынбасары А.Д.Сулейменова  фармацевтикалық  ұйымдардың  өкілдерін  адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін  дәрілік заттарды  сақтау,  рецептпен босату,  және қолдану кезінде,  нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы, дәрілік заттарды таңбалау кодтарын айналымнан шығару, жалпы, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі медициналық ұйымдарда, дәріханаларда дәрілік заттарды тіркеу және жалған есептен шығару мүмкіндіктерін болдырмауға, дәрілік заттардың қалдықтары мен жарамдылық мерзімдерін бақылауға шақырды.

Семинарда ДЗ және МБ сатып алу, сақтау, жою, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс)  426 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы  еске салды.

      Семинар-кеңес барысында, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының орынбасары, полиция полковнигі А.К. Аскаров,  2023 жылы ҚР ДСМ  №120 бұйрығымен адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесі бекітілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол құрамында күшті әсер ететін  дәрілік заттарды сақтау, есепке алу және босату қағидаларын бұзғаны үшін бұған дейін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Алайда, 2026 жылғы қаңтардан бастап мұндай құқық бұзушылықтар бойынша  ҚР Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ  «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі» 301-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы еске салды.

Бүгінгі танда, Ақтөбе облысы бойынша күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымы фактілері бойынша 4 жеке тұлғаға қатысты қылмыстық істер қозғалғаны туралы атап өтті.

Сонымен қатар, фармацевтикалық ұйымдар өкілдерін фармацевтикалық  инспекторат  және фармацевтикалық  қызмет  саласындағы мемлекеттік көрсетілетін бөлім басшысы  Д.М.Елеуова № ҚР ДСМ – 19 бұйрығына енгізілген толықтырулармен таныстырды.

ҚР ДСМ 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы», ҚР ДСМ 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы»,  ҚР ДСМ 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-320/2020 «Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы», ҚР ДСМ  2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы», ҚР ДСМ 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы», ҚР ДСМ 2022 жылғы  16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы», ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы»   бұйрықтары бойынша түсіндірмелер берілді.

Семинар барысында, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1221322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді