Департамент басшысы Семей қаласының әкімі Ә.Нұрсағатұлы төрағалығымен өткен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысында баяндама жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

        Отырысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің бастығы, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

        Күн тәртібінде білім беру және спорт салаларында 2024–2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі Жол карталарының іске асырылу барысы, террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін күшейту шаралары, сондай-ақ профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.

   Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар міндеттер белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1221337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді