
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсенмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында Ерлан Аккенженов Қазақстан мен Германия арасындағы энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың жүйелі әрі көпсалалы сипатқа ие екенін атап өтті. Атап айтқанда, ынтымақтастық дәстүрлі энергетика, мұнай өңдеу және жаңартылатын энергия көздері бағыттарын қамтиды.
Тараптар мұнай саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын, соның ішінде Қазақстан мұнайын Германияға тұрақты жеткізу мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы қазақстандық-германдық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1221358?lang=kk

Жауап қалдыру