
Аудан әкімі А.Жақсылықовтың жоспарлы есептік кездесулері Қайыңды ауылдық округінде жалғасты.
Кездесу барысында округ әкімінің м.а. М.Үмбетовтың 2026 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды. Есепте округ аумағында жүзеге асқан инфрақұрылымдық жобалар, абаттандыру жұмыстары, әлеуметтік саладағы атқарылған шаралар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер қамтылды.
Кездесу барысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстарға назар аударылып, округ аумағында тазалықты сақтау, көгалдандыру және сенбілік жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға және туған жердің тазалығын сақтауға белсенді атсалысуға шақырды.
Кездесу соңында көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, ауылдың дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1220774?lang=kk

Жауап қалдыру