Халықаралық отбасы күні қарсаңында көпбалалы қызметкерлер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық отбасы күні қарсаңында Алматы қаласы Әділет департаментінде көпбалалы қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптеп, қызметтік міндеттерімен қатар өнегелі отбасылық өмірді қатар алып жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Департамент басшылығы олардың қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты жиында көпбалалы ата-аналарға алғыс білдіріліп, алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, отбасы – қоғамның басты тірегі екені айтылып, қызметкерлерге амандық, береке мен отбасылық бақыт тіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1220513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді