
2026 жылғы 13 мамырда «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Айыртау филиалының ғимаратында облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Айтуған Қаскербаевтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жауапты қызметтердің өрт қаупі кезеңіне дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал өрттердің алдын алу және оларға уақтылы ден қою жөнінде қажетті шаралар қабылдау мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтау және табиғи аумақтарды өрттен қорғауды қамтамасыз ету жөнінде жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілген.
Сонымен қатар, кеңеске қатысушыларға орман өрттерін ерте анықтау жүйесі көрсетілді.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі қадағалау органының бақылауында.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1220828?lang=kk

Жауап қалдыру