Мейірбикелер күніне арналған мерекелік шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алға аудандық ауруханасында Халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Кангужин қатысып, адам жанының арашасы болып жүрген мейірбикелердің кәсібилігі мен ерен еңбегін ерекше атап өтті.

Кеш барысында бірқатар медицина қызметкерлеріне аудан әкімінің, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының, «Ақтөбе қамқор» кәсіподақ ұйымының және аудандық аурухана басшылығы мен кәсіподақ төрайымының Алғыс хаттары табысталды.

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілген бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Барша мейірбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, ұлт саулығы жолындағы өлшеусіз еңбектеріне табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1220591?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді