«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормалары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 СЕМИНАР-САБАҚ

         2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Денасаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Сарайшық ауданының мамандарына арналған «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормалары»  тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

         Іс-шара «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 153 Жарлығын іске асыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде өткізілді.

        Семинарда Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы З.С.Заманбеков баяндама жасады. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті реттейтін заңнаманы қатаң сақтау қажеттілігі талқыланды.

         Семинардың қорытынды бөлімінде құқықтық және этикалық тәуекелдерге байланысты типтік жағдайларға талдау жүргізілді. Қатысушылар келіп түскен практикалық мәселелерді талқылап, қажетті түсініктемелер мен ұсыныстар алды.

       Семинар соңында қатысушылар сұрақ қойып, пікірталасқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1220766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді