
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды
2026 жылдың 15 мамыры мен 15 маусымы аралығында қалалық деңгейдегі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтініштер қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар ұсынылуы қажет:
ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері және балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
ата-анасының бірі қайтыс болған жағдайда — қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
балаларды тәрбиелеудегі және белгілі бір жетістіктері үшін алған марапаттарды растайтын құжаттардың көшірмелері;
заңды және/немесе жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік және ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысқанын растайтын құжаттар;
дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Толық ақпаратты Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен алуға болады.
Мекенжайы: Төле би даңғылы, 4-кабинет.
Анықтама телефоны: Зухра — 8 707 438 59 49
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1221556?lang=kk

Жауап қалдыру