
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізіп, жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Кездесу барысында мамандар суға тек рұқсат етілген орындарда және ересектердің бақылауымен түсу қажеттігін айтты. Сонымен қатар белгіленбеген жерлерде шомылудың, қауіпті ойындардың және алысқа жүзудің қауіптілігі ескертілді. Қызметкерлер оқушыларға суға батып бара жатқан адамды көрген кездегі іс-қимыл тәртібін түсіндіріп, құтқару құралдарын қолдану жолдарын көрсетті және 112 нөміріне жедел хабарласудың маңыздылығын атап өтті.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1221352?lang=kk

Жауап қалдыру