Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  вице-министрі қызметін атқарған.

1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Мынадай мамандықтар бойынша білімі бар:

  • экономист;
  • заңгер;
  • мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі;
  • мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі.

Мыналарды:

  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін;
  • Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын;
  • Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмәмдады.

Еңбек қызметі:

  • 1998-2001 жылдары – «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің валюта айырбастау пунктінің менеджері;
  • 2003-2007 жылдары – «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
  • 2007-2013 жылдары – Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген;
  • 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды;
  • 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының орынбасары;
  • 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2018-2019 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2019-2021 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – Басқарма мүшесі;
  • 2023-2026 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1220954?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді