Өрт сөндіруші отбасында дүниеге келген сәби

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық отбасы күні қарсаңында Шемонаиха ауданындағы өрт сөндірушінің отбасында төртінші бала дүниеге келді. Верх-Уба ауылы өрт сөндіру бекетінің бастығы Берік Еріковтің отбасында қуанышты жаңалық орын алып, олардың ұлы Сұңқар өмірге келді.

Берік Еріков азаматтық қорғау органдарында 10 жылдан астам уақыт бойы халық қауіпсіздігі жолында қызмет етіп келеді. Ол табиғи және тұрмыстық өрттерді сөндіруге, сондай-ақ қыс мезгіліндегі авариялық-құтқару жұмыстарына белсенді қатысқан. Қатты боран кезінде жолда қалып қойған жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарында да кәсіби шеберлік танытқан.

Берік жұбайы Гүлденмен бірге екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр. Енді олардың шаңырағы тағы бір сәбимен толығып, отбасы бұрынғыдан да үлкен әрі бақытты бола түсті.

Бұл қуанышты сәтті қызметтестері де бөлісіп, Берік пен оның отбасын шын жүректен құттықтады.

«Әр адам үшін өмірдегі ең маңызды құндылық – отбасы. Мен үшін отбасым – өмірімнің басты мәні. Қазіргі уақытта жұбайым балалар тәрбиесіне толықтай көңіл бөліп отыр, ал мен қызметтемін. Әр адамға осындай бақыт тілеймін, әр шаңырақта жылулық пен береке болсын», – деді көпбалалы әке.

Еске сала кетейік, 15 мамыр күні бүкіл Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі.

Шығыс Қазақстан гарнизонында барлығы 93 көпбалалы отбасы бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1220670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді