Оңалтудың техникалық құралдарының (ОТҚ) жаңа сервистік моделі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Реформаның негізгі мақсаты қазіргі уақытта көпшілікті толғандырып отырған ең маңызды мәселе-оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қайтарымды модель бойынша беру пилоттық жобасының іске қосылуы.
Бұл жоба Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында жүзеге асырылуда.

Басты мақсат- азаматтарға оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) тек беру ғана емес, оларды бүкіл пайдалану мерзімі бойы күнделікті қолдануға толық жағдай жасау. Яғни «берілді және ұмытылды» қағидатынан толыққанды сүйемелдеу жүйесіне көшу жүзеге асырылуда.

Азаматтардың негізгі кепілдіктерін сақтау. Көп жағдайда жергілікті жерлерде «енді жаңа арбалар берілмейді ме?» деген сұрақтар туындайды.

Нақты жауап: Азаматтардың жаңа оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) алу құқығы толық сақталады.
Мемлекеттік міндеттемелер қысқартылмайды.
Бұрынғыдай пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін- мысалы, кресло-арбалар үшін 5 жыл немесе басқа құралдар бойынша белгіленген мерзім өткен соң, азаматқа міндетті түрде жаңа оңатудың техникалық құралы (ОТҚ) беріледі.
Біз жеңілдіктерді алып тастамаймыз, керісінше кеңейтеміз. Енді жаңа құрал берумен қатар мемлекет оны пайдалану мерзімі ішінде қызмет көрсету, жөндеу және толық сүйемелдеу міндеттемесін өз мойнына алады. Мүгедектігі бар азаматтар бұзылған құралмен жалғыз қалмайды.

Үздіксіз оңалту тетігі.
Егер оңалтудың техникалық құралы істен шықса, бұрын мүгедектігі бар азаматтар үйде қалып, жөндеушіні іздеуге немесе кезектегі уақытын күтуге мәжбүр болатын.

Енді үздіксіз оңалту жүйесі енгізілуде.
Ұлттық ғылыми орталықтың (ҰҒО) филиалдарында оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) алмасу базасы және тетігін уақытша пайдалану пункттері құрылуда. Егер оңалтудың техникалық құралы (ОТҚ) жөндеуге жіберілсе, азамат оны тапсырып, орнына уақытша жарамды құрал алады. Бұл уақытша қолдау мүгедектігі бар жандардың әлеуметтік өмірге қатысуын үзбеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1220990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді