
Нұрбұлақ ауылында бес күнге созылған оқу-далалық жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Жиын барысында оқушылардың тәрбиесі мен дайындығына атсалысқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Бес күн бойы жалғасқан таңғы дене шынықтыру жаттығулары, қатаң әскери тәртіп пен түрлі нормативтерді тапсыру кезеңдері оқушылардың нағыз төзімділігі мен қайсарлығын шыңдады.
Сынақтарда жоғары дайындық пен үздік нәтиже көрсеткен оқушылар Алға ауданының білім бөлімі басшысының мадақтамаларына ие болды.
Салтанатты шара оқушылардың сап түзеген айбынды шеруімен және арнайы дайындалған әскери көрсетілімдерімен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1220585?lang=kk

Жауап қалдыру