
2024 жылдың қазан айында Қарағандыдағы Б. Бейсенов атындағы ІІМ оқу орнында білім жолын бастаған екі жас сол сәттен-ақ бір-бірімен танысып, уақыт өте келе бұл таныстық қызметтегі ортақ мақсат пен өмірлік сезімге ұласты. Бүгінде олар полиция саласында абыройлы қызмет етіп жүріп, шаңырақ көтерген жас отбасыға айналды. Қызметтік дайындық пен кәсіби қалыптасу барысында басталған бұл қарым-қатынас уақыт өте келе берік сенім мен сыйластыққа негізделген махаббатқа айналды.
Бүгінде Жеңіс Мейір — Қарағанды облысы Приозерск қаласы полиция бөлімінің қылмысқа қарсы күрес тобының жедел уәкілі, ал Айдана Амангельдиева — Орал қаласы полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің тергеушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Ортақ мақсат пен ортақ қызмет олардың байланысын одан әрі нығайтып, заңды некелерін қиып, отбасын құрды.
Бұл оқиға — тек екі жастың махаббат хикаясы ғана емес, қызмет пен сезімді қатар алып жүрген жас мамандардың өмір жолындағы маңызды белес. Ол адалдықтың, жауапкершіліктің және өз ісіне беріктіктің жарқын үлгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1221308?lang=kk

Жауап қалдыру