«15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай және «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» идеологиялық бағыты аясында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Көлтоған ауылы №14 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы азаматтық қорғау органдарының ардагері Егембердиев Қалыбек Ұзақбаевичтің шаңырағына барып, отбасын мерекемен құттықтап, сыйлық табыстады. Кездесу барысында отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ананың қоғамдағы рөлін дәріптеу мәселелері қозғалды. Тұмаркүл апа жанұядағы бірлік, ұрпақтар сабақтастығы туралы тағылымды ойларымен бөлісіп, қызметкерлерге ақ батасын берді.
Жауап қалдыру