
Аталған іс-шара барысында Қаратау АПБ ҚҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленген азаматтармен жеке профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар құқықтық кеңестер беріліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында азаматша №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қандастарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі таңда оған тиісті көмек түрлері көрсетілуде.
Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1221276?lang=kk

Жауап қалдыру