Қарқаралы ауданы жасөспірімдер арасындағы республикалық жазғы спартакиадада облыс намысын қорғайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарқаралыда ауыл жасөспірімдері арасында VI облыстық жазғы спартакиада өтті. Тоғыз спорт түрі бойынша өткен жарысқа Қарағанды облысының аудан-қалаларынан келген 500-ге жуық жас спортшы қатысты.

Екі күнге созылған спартакиада қорытындысы бойынша бірінші орынды Қарқаралы ауданының командасы иеленді. Екінші орын Шет ауданына бұйырса, үшінші орынды Бұқар жырау ауданының құрамасы алды.

Енді жеңімпаздар Қарағанды облысының атынан республикалық спартакиадада өнер көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты – жастар арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

«Жасөспірім тәрбиесі – бүгінгі күннің ең өзекті міндеттерінің бірі. Оларды бұқаралық спортқа тарту арқылы біз ерік-жігерін шыңдап, мінезін қалыптастырамыз. Болашақ чемпиондар осылай тәрбиеленеді деп сенеміз», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Спартакиада барысында Қарқаралы ауданы спортын дамытуға елеулі үлес қосқан ардагер жаттықтырушылар Бүркіт Бейсенайұлы мен Тұрсын Жұмағұлов «Спортқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Фото: Қарқаралы ауданы әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1220554?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді