Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған аудандық семинар.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу – уақыт талабы. Осы бағытта 2026 ж. 8 сәуірде Сухорабовка орта мектебінде «Тіл мұрасы» жобасы аясында жасанды интеллект арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді қазақ тілі сабағында қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілі сабақтарының сапасын арттыруда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын көрсету, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту және оқыту үдерісін жаңғырту болды. Семинар барысында мәтін құрастыру, тапсырмалар әзірлеу, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған интерактивті жаттығулар жасау жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, әртүрлі цифрлық платформаларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру тәсілдері ұсынылды. Семинар тәжірибелік бөліммен жалғасып, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, жасанды интеллект негізінде құрылған тапсырмаларды орындады. Мұғалімдер семинардың өзектілігін атап өтіп, алған білімдерін тәжірибеде кеңінен қолдануға ниетті екендіктерін білдірді. Мұндай семинарлар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, «Тіл мұрасы» жобасы аясында өткен бұл семинар қазақ тілі пәнін оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізудің маңызды қадамы болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1221329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді