Қонаевта балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитариялық талаптарды сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары, лагерь ұйымдастырушылары қатысты. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Берік Дакеев қатысып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар туралы баяндады.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-шараларды күшейту және өзара іс-қимылды арттыру мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1220702?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді