
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрілігің Мемлекеттік кірістер комитеті, хабарлайды.
ҚҚС бойынша декларацияны (300.00 СЕН) алдын ала толтыру, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде жүзеге асырылады, оның ішінде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі, салық төлеушілердің салық түсімдері және тауарларға арналған декларациялар қамтылады.
Қызмет Т-1 принципі бойынша жұмыс істейді, яғни ол бір күндік кідіріспен жаңартылады. Егер бүгін ЭШФ жазылса немесе ҚҚС есепке жатқызу туралы хабарлау жіберілсе, олар ертең ғана көрініс табады.
Бұл ретте, алдын ала толтыру сервисі “расталған” мәртебесі бар ҚҚС есепке жатқызу туралы хабарлаудан алынған деректерді ғана есепке алатынына назар аударамыз, сондықтан хабарламаларды мұқият және дұрыс толтыру ұсынылады.
Сонымен қатар, алдын ала толтыру қызметі камералдық бақылау хабарламаларының санын азайтуға көмектеседі және декларацияны толтыру кезінде тексеру және хабарлау үшін пайдаланылады.
Бұл ретте, сервис салық төлеушілердің өздері ұсынатын деректерді пайдаланады. Мұндай деректер кейінірек өзгеруі немесе нақтылануы мүмкін болғандықтан, бұл камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алуға әсер етуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1221304?lang=kk

Жауап қалдыру