ҚҰРЫЛЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН БАСТЫ ТАЛАП – САПА МЕН МЕРЗІМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр келді.

Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қандыағаш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен таныстырды.

Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме басшылары атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Сапар барысында Қандыағаш қаласының әкімдігінде биылғы жылы аудан аумағында жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме басшыларымен кездесті. Кездесуде аудандағы инфрақұрылымдық жобалардың барысы талқыланды.

Кездесуде басқарма басшысы жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдардың құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін, жұмыстарды мерзімінде аяқтау жөнінде жауапты мердігер компания басшылықтарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1220534?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді