
Өңірімізде тіл саясаты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жүргізіліп, тілдерді дамытуға және тілдік мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі – оқыту болып табылады.
Жыл сайын жоғарыда аталған Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында облысымызда барлық санаттағы азаматтар үшін қазақ тілін тегін оқыту курстары өткізіледі.
Оған қоса Тұжырымдама шеңберінде 2026 жылдың 12 мамырынан бастап қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up» жобасы жүзеге асырылуда.
Курстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету және қызметкерлердің күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға ынталандыру.
Сабақтар ситуациялық режимде өтеді. Оқу кезінде тыңдаушылар өз қызметіне қатысты қажетті сөздік минимумды меңгереді.
Жоғарыда аталған жоба бойынша қазақ тіліне 2026 жылдың соңына дейін 150 қызмет көрсету өкілін оқыту жоспарланған. Бүгінгі күні 45 маман оқытылуда.
Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-archive/press/news/details/1221095?lang=kk

Жауап қалдыру