
Департамент басшысының орынбасары Б.Досымов пен еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұмановтың «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның басшылары мен жұмыскерлерінің қатысуларымен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өнідістік жарақаттанауды азайту мәселесі, жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартының тәртібі және еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс өтті.
Жиын барысында Болат Досымов еңбек қауіпсіздігінің басты қағидасы жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының маңыздылығын және қауіпсіздік ережелерін оқытуды тұрақты жүргізу, ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі, техникалық инспекторлардың жауапкершілігі және жұмыскерлерді жұмыс алдында медициналық қарап-тексеруден өткізу жұмыстарын атап өтті.
Сонымен қатар өндірістік жарақттанудың алдын алуда кәсіби тәуекелдерді бағалау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру қажеттілігіне тоқталды.
Жиын қорытындысымен еңбек қауіпсіздігі бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1220985?lang=kk

Жауап қалдыру