Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі 2 орын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысқан Базарбек Айзере Айбекқызы орыс тілінен 50 ұпайдан 49 ұпай жинап, жүлделі ІІ орын иеленді. Бұл біз үшін үлкен жетістік деп білеміз. Сені бүгінгі жетістігіңмен шын жүректен құттықтаймыз! Сенің алғырлығың, ізденімпаздығың мен талантың — үлкен еңбектің жемісі. Білімге деген құштарлығың мен жауапкершілігің өзгелерге үлгі бола алады.
Биік белестерді бағындырып, армандарыңа нық қадаммен жете беруіңе тілектеспіз. Әрдайым талабың таудай, жігерің мықты болсын! Жеңістерің көп болып, ата-анаң мен ұстаздарыңның мақтанышы бола бер!
Жарқын болашағың үшін сәттілік пен мол табыс тілейміз! Пән мұғалімі Сагиева Толқын Мухаметкалиевнаға алғыс білдіреміз! Білімді, алғыр шәкірттеріңіз көп болсын!!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1221047?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді