Сайлаушылармен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихаттың төрағасы, № 8 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат Владимир Бубенко Қызылжар ауданы Бугровое ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қызылжар аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Телтаев, сондай-ақ Бугровое ауылдық округінің әкімі Гүлсім Байғожина қатысты.

Кездесу аясында Владимир Степанович ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, облыстық мәслихаттың ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. Ағымдағы жылдың басында жаңа Конституция қабылданған кезеңде өзі оның мүшесі болған Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмысына ерекше назар аударды.

Ауыл тұрғындары депутатқа жол инфрақұрылымын жөндеуге және медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты бірқатар мәселелермен жүгінді. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Кездесуден кейін Бугровое ауылының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті шаруашылық және қоғам қайраткері Виктор Сейвальдтың ескерткіш тақтасына гүлдер қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1221150?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді