«Салауатты жұмыс орындары – салауатты қызметкерлер» тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 05 мамырда Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру аясында «ҚТЖ ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының «Түлкібас жол дистанциясы» қызметкерлерімен «Салауатты жұмыс орындары – салауатты қызметкерлер» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – кәсіптік, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу. Іс-шара барысында аталған аурулардың алдын алу бойынша дәрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1221518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді