«Салауатты жұмыс орындары – салауатты қызметкерлер» тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 мамырда Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кәсіптік, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында «Салауатты жұмыс орындары» жобасын жүзеге асыру аясында «ҚТЖ ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының «Жамбыл жол дистанциясы» қызметкерлері арасында «Салауатты жұмыс орындары – салауатты қызметкерлер» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша дәрістер оқылып, салауатты өмір салтын сақтау және аурулардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1220642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді