Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов 18 қосалқы станция тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов 18 қосалқы станция тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутаттық қызмет аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар тұрғындарға таныстырылды. Есепті кезеңде қалалық мәслихат пен әкімдіктің қолдауымен  инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылғанын жеткізді.

Атап айтқанда, елді мекен аумағына жаңа аялдама павильоны орнатылып, қоқыс контейнерлеріне арналған арнайы орын дайындалған. Сенбілік барысында жиналған тұрмыстық қалдықтар толық шығарылып, көше жарықтандыру шамдары орнатылған.

Сонымен қатар, 18 қосалқы станциядан «Знаменка – Семей» автожолына дейінгі ұзындығы 1800 метр жол учаскесінде грейдермен тегістеу жұмыстары жүргізіліп, құм мен қиыршық тас төселген. Бұл жұмыстар жолды асфальттауға дайындық мақсатында атқарылды. Сондай-ақ, ауыз су құбырын тартуға қажетті құжаттар әзірленгені айтылды.

Кездесу барысында алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар да таныстырылды. Атап айтқанда, орнатылған көше жарықтарын электр желісіне қосу, жолға асфальт жабындысын төсеу және ауыз су құбырын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1221513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді