ШҚО-дағы «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық фестиваліне 8 елден 800-ден астам қолөнер шебері жиналды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14-17 мамыр аралығында Өскеменде «Ғасырлық дәстүрлер» кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының халықаралық фестивалі өтіп жатыр.

Ауқымды іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Қытай, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан келген 800-ден астам сәндік-қолданбалы өнер шебері қатысуда.

Сондай-ақ ҚР Материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшелері де атсалысуда.

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Өңір басшысы қолөнердің ұлттық мәдениет пен рухани мұраны сақтаудағы ерекше рөліне тоқталды.

«Дана халқымызда «Шебердің қолы ортақ» деген аталы сөз бар. Қолөнер – тек шебер қолдың туындысы ғана емес, халықтың жанын, болмысын, тарихын сөйлететін сырлы тіл. Құрақ көрпе мен оюлы текеметтің әр өрнегінде ұлттың дүниетанымы, әр иірімінде ғасырлар ізі бар. Бұл өнер өткен мен бүгінді жалғап, келешекке жол ашатын ұлттық құндылық.

«Аламан құрақ»  жобасы аясында ұлттың ұлы мұрасы саналатын құрақ құрау өнерін жаңғыртып халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған игі бастама сәтті іске ассын», – деді облыс әкімі.

«Аламан құрақ» жобасының ұйымдастырушысы – Нұргүл Абайхан. Жобаға қатысушы барлық шеберге бірыңғай үлгі мен ортақ дизайн әзірленіп, ұйымдастырушылар тарапынан қажетті материалдар берілді.

Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде қолөнершілер жобаның ортақ тұжырымдамасын сақтай отырып, ұлттық қолөнердің дәстүрлі элементтерін қамтыған бірегей стильдегі құрақтар дайындады.

Бір құрақты дайындауға 4 метр мата бөлінді. Әр бұйым 140 блоктан тұрады, ал көлемі 90х260 сантиметрді құрайды.

Бұдан соң аймақ басшысы фестивальге белсене қатысқандар мен жеңімпаздарды марапаттады.

Фестиваль аясында «Восток» стадионында ұзындығы екі шақырымнан асатын Аламан құрақ көрпе жайылып, «Global Best of Records» халықаралық рекордтар кітабына енгзілді. Сонымен қатар шеберлік сағаттары, тақырыптық көрмелер мен шығармашылық зертханалар, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу, қала және аудандардағы мәдениет қызметкерлері үшін бейінді оқыту семинары ұйымдастырылуда.

Ал арнайы концертте этникалық музыка шеберлері өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.                  

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1221607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді