
Хабарламада 15 мамыр күні 2 жасқа толған ұлының патрульдік полиция қызметкерлері мен қызметтік автокөліктеріне ерекше қызығушылық танытатыны, тіпті барлық ойыншықтарының полиция көлігі екені айтылған. Анасы баласының туған күніне орай оның кішкентай арманын орындап, қызметтік патрульдік автокөлікке отырғызып көру мүмкіндігін сыйға тартуды сұраған.
Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері кішкентай бүлдіршіннің тілегін орындап, оны туған күнімен арнайы құттықтады. Бүлдіршінге патрульдік автокөліктер көрсетіліп, қызметтік көлікке отырып көруге мүмкіндік жасалды.
Кішкентай баланың қуанышы мен шынайы эмоциясы көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Полиция қызметкерлері бүлдіршінге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және армандарының орындалуын тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1221190?lang=kk

Жауап қалдыру