
Мерекелік жиында денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі мейірбикелер мен медицина қызметкерлері марапатталды. Оларға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің наградалары, Құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды.
Шара барысында мейірбике мамандығының қоғамдағы маңызы ерекше аталып өтті. Адам денсаулығы мен өміріне жауапты ақ халатты абзал жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екені айтылды.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахнада Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Барша мейірбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zdrav/press/news/details/1221315?lang=kk

Жауап қалдыру