
2026 жылғы 9 мамыр күні Сұрған ауылында «Сұрған жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ оқушылары мен ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерге гүл шоқтары мен гүлдер қою рәсіміне қатысты.
Аталған іс-шара Отанымыздың бейбіт өмірі мен бостандығын қорғаған жеңімпаз ұрпаққа деген терең құрмет пен алғыстың белгісі болды. Ардагерлердің ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Іс-шараға қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, бейбіт өмір сыйлаған ерлерге тағзым етті. Осындай патриоттық шаралар тарихи жадымызды сақтауға, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға және аға буынның ерлігіне құрмет көрсетуге бағытталған.
#9мамырЖеңіскүні

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-buzylyk/press/news/details/1220633?lang=kk

Жауап қалдыру