Таразда құтқарушылар Отбасы күніне орай құттықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамыр – Отбасы күніне орай Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ербол Әміров қалалық өрт сөндіру бөлімдерінде қызмет атқарып жүрген, кейінгі буынға үлгі болған бірқатар азаматтық қорғау қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады. Кездесу барысында Ербол Шалқарұлы отбасы – қоғамның басты тірегі екенін атап өтіп, өнегелі отбасы иелеріне амандық, береке-бірлік және қызметтеріне толағай табыс тіледі. Сонымен қатар, азаматтық қорғау саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлердің отбасы құндылықтарын насихаттаудағы рөлі ерекше екендігін жеткізді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1221373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді