Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 15 мамырында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшының орынбасары Ұ.Оразгелдіұлы, сала мамандары, адвокаттар мен нотариустар Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнама талаптары мен цифрлық сервистердің мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына жеке қабылдау ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1221343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді