Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Комиссияның 2026 жылғы II тоқсанға арналған жұмыс жоспары талқыланған отырысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің бастығы, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде білім беру және спорт салаларында 2024–2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі Жол карталарының іске асырылу барысы қаралды. Сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу деңгейі, олардың қауіпсіздігін күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар кеңінен талқыланды. Бұдан бөлек, «Профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және мектеп формасына қойылатын талаптардың бұзылуына ден қою алгоритмін» іске асыру мәселесі бойынша жауапты сала басшыларының есептері тыңдалды.

Отырыс барысында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қатаң бақылау қажеттігі атап өтілді.

Қала басшысы Әділет Нұрсағатұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаған жауапты тұлғалардың ақпараттарын назарға алып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1220558?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді