Туристік маусымға дайындық: Павлодар облысында полиция қауіпсіздік шараларын күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысында Баянауылдағы туристік маусымға белсенді дайындық басталды. Көлік ағынының артуы күтілуіне байланысты полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Полиция қызметкерлері туристік аймаққа апаратын автожолдардың жағдайын тексеріп, апат қаупі жоғары учаскелерді, соның ішінде дрон сияқты ұшу аппараттарын пайдалану арқылы талдауда. Әсіресе ескерту белгілеріне, жылдамдықты шектеуге, қауіпті бұрылыстар мен қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерді белгілеуге ерекше назар аударылуда. Себебі жақын уақытта көлдерге апаратын тас жол өңірдегі ең қарқынды бағыттардың біріне айналады.

— Жыл сайын жаз мезгілінде Жасыбай, Торайғыр мен Сабындыкөл көлдеріне бағытталған көлік ағыны бірнеше есе артады. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алу және бақылау шараларын күшейтуді талап етеді. Жұмыс «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында жүргізілуде және ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, — деп атап өтті Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Полиция жүргізушілерді алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеруге, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға және жол белгілерінің талаптарын қатаң ұстануға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1220877?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді