Ұсынылатын қысқаша ақпарат Арқалық қаласы бойынша МКБ басшысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейсенов Мейрамхан Аяпбергенұлы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 13.05.2026 жылғы № Ж-120 бұйрығына сәйкес Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып 2026 жылғы 14 мамырдан бастап тағайындалды.

 

Бейсенов Мейрамхан Аяпбергенұлы 1976 жылы 8 қарашада Торғай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған.

Мемлекеттік кірістер органдарында 25 жылдан астам атқарушылық және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Бұрынғы жұмыс орны – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

Жалпы еңбек өтілі – 26 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметте – 26 жыл.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-arkalyk-kalasy-akimat/press/news/details/1220593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді