
Бүгін VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXXI сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Ахметов Мансұр Талғатұлы, қала әкімінің орынбасарлары Айдарханов Темірхан Айдарханұлы, Алмас Ұлан Алмасұлы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты. Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/260 «Приозерск қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/261 «Приозерск қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды. Сессия барысында қала аумағын абаттандыру, әлеуметтік саланы қолдау, мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ тұрғындар өтініштері негізінде көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстарына қаржы қарастыру мәселелері жан-жақты талқыланып, тиісті қаражат қарастырылды. Сессия соңында қала әкімі Мансұр Талғатұлы бюджеттік шығыстарға тоқталып, бекітілген бюджет бойынша бірлескен жұмыс үшін мәслихат депутаттарына алғысын білдірді. Өз кезегінде мәслихат төрағасы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақытылы өткізіп, бөлінген қаражатты сапалы әрі тиімді игеру мәселесіне ерекше назар аудару жөнінде ұсыныс айтты. Сессия қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған барлық мәселелерді бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1221595?lang=kk

Жауап қалдыру