Жағатал ауылдық округінде «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Жағатал ауылдық округінде «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына отбасының қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері жөнінде айтылып, өнегелі отбасыларға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Отбасы – татулық пен бірліктің, сыйластық пен мейірімнің алтын ұясы. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпаққа отбасылық құндылықтарды насихаттауға зор үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1221301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді