
Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Еңбек қауіпсіздігін бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы Н.Досмаханов тарапынан, “Жамбыл облысы білім басқармасының Шу ауданының білім бөлімі” КММ-де жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы қаралды. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек шарттарының рәсімделуі, жұмыс уақыты мен демалыс режимінің сақталуы, еңбекақы төлеу тәртібі және өндірістік қауіпсіздік талаптарынына нұсқамалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1220564?lang=kk

Жауап қалдыру