Жамбыл облысындағы 500 шақырымнан астам жаңа ирригациялық желіні автоматтандыру жобасын «Қазсушар» тарифтік қаражат есебінен жүзеге асырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазсушар» РМК-ның Жамбыл филиалы өңірдегі 86 ирригациялық каналды автоматтандыру жобасын іске асыруды бастады. Жұмыстар кәсіпорынның каналдар арқылы су жеткізу қызметінен түскен қаражат есебінен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жоба аясында механикалық гидрожапқыштар автоматтандырылып, оларға су көлемі мен деңгейін есепке алатын құрылғылар орнатылады. Жалпы, осы шаралар шеңберінде бұған дейін реконструкция жұмыстары жүргізілген 502 шақырымнан астам суару желісін цифрландыру жоспарланып отыр.

«Бұл жобадан бөлек, биыл Ислам даму банкінің қолдауымен Қазақстанның оңтүстік облыстарында жалпы ұзындығы 900 шақырымнан асатын 103 каналды автоматтандыру жұмыстары басталады. Сонымен қатар алдағы уақытта тағы 263 каналды реконструкциялау және автоматтандыру бойынша жобалау-сметалық құжатты әзірлеуді аяқтау жоспарланып отыр», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-sarykemer/press/news/details/1220810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді