Жамбыл облысының студенттері арасында «Jastar Fest–2026» облыстық фестиваль өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Тараз арена спорт сарайында «Жастар нашақорлыққа қарсы» ұранымен Жамбыл облысының студенттері арасында «Jastar Fest–2026» облыстық фестиваль өтті.

Ауқымды спорттық шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және нашақорлықтың алдын алу.

Фестиваль аясында қатысушылар жүзу, үстел теннисі, жеңіл атлетика, баскетбол 3×3, волейбол 3×3 және кіші футбол спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар және дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1220539?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді