
Құрметті алматылықтар!
2024 жылдан бастап Алматы қаласында адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация бағдарламасы жүзеге асырылуда. 11–13 жас аралығындағы қыз балалар жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында осы вакцинаны ала алады.
Бұл вакцина жатыр мойны обырының ғана емес, сонымен қатар ауыз қуысы обыры, ерлер мен әйелдердегі сыртқы жыныс мүшелерінің обыры, сондай-ақ қынап обыры сияқты АПВ-мен байланысты басқа да аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Сондықтан барлық ата-аналарды АПВ-ға қарсы вакцинаның қолжетімділігі, қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде толық ақпарат алу үшін өздерінің учаскелік дәрігерлеріне, педиатрларына және жалпы практика дәрігерлеріне жүгінуге шақырамын.
Вакцина америкалық компанияда өндіріледі. Оның дамыған елдерде қолданылу тәжірибесі шамамен 20 жылға жуық. Бұл вакцина уақыт сынынан өткен, ал вакцинация бағдарламасы көптеген жылдар бойы өз тиімділігін дәлелдеп келеді.
Балаларымызды жатыр мойны обырынан және АПВ-мен байланысты басқа да аурулардан бірге қорғауға шақырамын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1220945?lang=kk

Жауап қалдыру