Астанада спорт нысандары аумағында жалпықалалық сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелерінде жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тазалық және абаттандыру шаралары қала аумағындағы «Аспан» спорт кешенінде, Fitnation Astana фитнес клубында, «Толқын» спорт кешенінде, үрлемелі футбол алаңында, сондай-ақ Нұра, Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандарында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен хоккей мектебінің аумақтарында жүргізілді.

Сенбілікке спорт саласының жаттықтырушылары, аға жаттықтырушылар және мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, гүлдер мен ағаш көшеттерін отырғызды, топырақ қопсытып, суару жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, сырлау және көгалдандыруға дайындық жұмыстары атқарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар спорт нысандарының аумағын көркейтіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тазалықты сақтауға үлкен үлес қосады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge  @TazaQazaqstan

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1221745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді