Назар өңірде: төтенше жағдайлар вице-министрі Шығыс Қазақстанға барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов өрт қауіпті кезеңнің өту барысын тексеріп, Өскемен орман шаруашылығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында табиғи өрттердің алдын алу бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Облыстың орман қорының жалпы аумағы 3 млн гектарды құрайды, оның ішінде 1,7 млн гектары орманмен жамылған.
Рамиль Камалов: «Өрт қауіпті кезеңде іс-шаралар кешенін уақтылы өткізу әсіресе ыстық әрі құрғақ ауа райы жағдайында ірі табиғи өрттердің алдын алудың басты факторы болып табылады. Қандай болжамдар болса да, біздің ортақ міндетіміз үнемі дайындықта болып, табиғи өрттердің алдын алу мен оларды жою бойынша барлық қажетті шараларды дер кезінде қабылдау», — деп атап өтті.
Өскемен қаласында вице-министр ТЖМ әуе кемелеріне арналған авиациялық ангар құрылысы жүргізіліп жатқан орынды қарап шықты. Сонымен қатар, Рамиль Камалов ШҚО ТЖД бөлімшелеріне барып, жеке құраммен кездесті және азаматтардың қауіпсіздігі жолында ТЖМ қатарында 15 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Жасұлан Оспановтың отбасына жаңа қызметтік пәтердің кілтін табыстады.
Жұмыс сапарының соңында вице-министр өңір басшылығымен кездесіп, төтенше жағдайларға жедел ден қоюдың маңызды мәселелерін талқылады. Өз кезегінде елді мекен әкімдері ерікті өрт сөндіру бекеттерін дамыту және өрттердің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Қазіргі таңда Шемонаиха, Күршім, Глубокое аудандары мен Үлкен Нарын ауданында өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша оң тәжірибе қалыптасқан. Бұл жұмыстарға жанашыр азаматтар, бизнес өкілдері және шаруа қожалықтарының басшылары белсенді қолдау көрсетуде.
ШҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Фархат Әміре «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Оның айтуынша, облыс елді мекендерін өрттен қорғау мақсатында 16 өрт сөндіру бекеті құрылған, ал 2026 жылдың соңына дейін тағы 38 өрт сөндіру пунктерін ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1221652?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді